Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 300-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

2021 жылдың 14 маусым 2021 13:35

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 299 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның 251-інде ауру белгілері болса, 48-інің симптомы жоқ.

Төрт күнде індет табылғандардың ішінен 208-і ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген. 65-і бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған. Профилактикалық мақсатта 25, стационарға жатқызар алдында 1 адамнан сынама алынғанда, ковид жұқтырғаны мәлім болды.

Науқастардың 152-сі Орал қаласында, 50-і Бәйтерек, 33-і Бөрлі ауданында тіркелген.

Департамент мәліметіне қарағанда, індет басталғаннан бері облыста анықталған 23594 науқастың 18630-ы жазылып шықты, 354-і өмірден өтті.

Соның ішінде Оралда барлығы 13181, Бәйтерек ауданында 2889, Бөрліде 2614, Теректіде 980, Ақжайықта 813, Шыңғырлауда 600, Қазталовта 554 адамнан коронавирус шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда инфекциялық стационарда жатқандар саны көбейіп отырғанын жазған болатынбыз.



Жоғары қарай