Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда соңғы үш күнде 144 адамнан коронавирус табылды

2021 жылдың 2 наурыз 2021 16:32

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы үш күнде 144 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның 75-інде ауру белгілері болса, 69-ының симптомы жоқ.

Үш күнде тіркелгендердің 96-сы Орал қаласының үлесіне тиеді. Сондай-ақ 27 ақпан – 1 наурыз аралығында Бөрлі ауданында 20, Шыңғырлауда 9, Бәйтеректе 7 адам ауырған.

Індет басталғалы облыста барлығы 13 054 адам дертке шалдықса, соның 10 656-сы жазылып шықты. 199 адам көз жұмды.

Биыл өңірде 3 833 адам сырқаттанса, соның 3 833-інің ауру белгілері бар, 1 462-сі – симптомы жоқтар.

Кеше облыста 46 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болса, соның 36-сы Орал қаласында анықталды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда газ мекемесінің 7 қызметкерінен коронавирус анықталды.




Жоғары қарай