Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда төрт күнде 577 адамнан коронавирус табылды

2021 жылдың 3 мамыр 2021 15:42

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 577 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның 337-сі Орал қаласында тіркелген.

Сондай-ақ соңғы төрт тәулікте Бәйтерек ауданында 82, Бөрліде 55, Теректіде 31 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды.

Департамент мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері өңірде 10386 адам сырқаттанса, соның 6583-інде ауру белгілері бар, ал 3803-інде симптомы болған жоқ.

Ал індет басталғаннан бері облыста 19607 адамнан (11248-інің ауру белгілері бар, 8359-ының симптомы жоқ) КВИ анықталды. Соның ішінде Орал қаласында 11339, Бөрлі ауданында 2120, Бәйтеректе 2073, Теректіде 800, Ақжайықта 673, Шыңғырлауда 541 адамнан коронавирус табылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында 1 мамырдан бастап 21 блокпост жұмыс жасай бастағанын жазған болатынбыз.



Жоғары қарай