Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда тұрғын үй өртеніп кетті

2021 жылдың 29 мамыр 2021 17:29

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін Бәйтерек ауданы Зеленый ауылында болды.

Сағат 09.44-те Пролетар көшесі 3-мекенжайда жеке тұрғын үйдің төбесі мен ішінара веранда отқа оранды. Өрт аумағы 100 шаршы метрді құрады.

Зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәліметке қарағанда, өрт электр сымының қысқа тұйықталуынан шыққан.

«Тілсіз жау» сағат 12.10-да ауыздықталды.




Биыл өңірде жыл басынан бері барлығы 163 өрт болса, соның 103-і тұрғын үй секторында орын алды.

БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау қажеттігін еске салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда найзағай

түсіп, мал қорасы мен 125 тонна пішен жанып кеткенін

жазған едік.



Жоғары қарай