Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Батыс Қазақстанда желдің күшейетіні жөнінде ескерту жарияланды

2020 жылдың 12 шілде 2020 17:54

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында желдің күшейетіні жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 13 шілде күні күндіз өңірдің кей жерлерінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.

Орал қаласында да желдің екпіні секундына 18 метрге жетеді.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланып, төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынып жатқанын хабарлады.

Өңірде бірнеше күннен бері күн қатты ысып тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 8 облыс аумағында ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.




Жоғары қарай