Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Батыс Қазақстанда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 178 жоба жүзеге асады

2020 жылдың 9 маусым 2020 11:18

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 178 жоба жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш мәселе талқыланған жиында облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімов мәлім еткендей, осы жобаларға 35,5 млрд теңге қарастырылған.

Қазіргі таңда 157 жобаның мердігерлері анықталып, 142-сі бойынша жұмыс жүргізілуде.

Облыстық құрылыс басқармасы бағдарлама аясында ғимараттар мен нысандар тұрғызатын өңір кәсіпкерлерін қолдау мақсатында қажетті құрылыс материалдарын есептеп шығарды. Айталық, 178 нысанға 3,642 млн дана кірпіш, 410 мың дана керамикалық кірпіш, 6845 тонна цемент, 8786 шаршы метр әйнекпакет, 48792 шаршы метр профнастил, 1511 тонна металл, 205014 текше метр қиыршықтас қажет.

Осы орайда жергілікті кәсіпорындардың өнімдеріне басымдық беріледі. Мысалы, «Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ силикат кірпішін, «Жапарқұлов» ЖК керамикалық қызыл кірпіш, «Стеклосервис» ЖШС әйнекпакет, «Стройкомбинат» пен «Гидромаш-Орион-МЖБК» ЖШС темірбетон бұйымдарын, «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» мен «KazConstructionGroup» ЖШС полиэтилен тұрбаларын, «Агран» ЖШС профнастил, «EURASIAN TREND» ЖШС бөлмеаралық есіктер, «Орал Кабель» ЖШС кабельдерді қажетті мөлшерде шығара алады.




«Мұның тиімділігі сол, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жүзеге асатын жобаларды оңтайландыру нәтижесінде алдын ала есеп бойынша 886,7 млн теңге үнемделмек. Күні бүгін Орал қаласы мен аудандар әкімдіктері үнемделген қаржыны пайдалану мәселені қарастыруда. Мысалы, Орал қаласы бойынша 11,2 млрд теңгеге 65 жоба жүзеге асырылмақшы. Соның ішінде 35 жоба бойынша 199,2 млн теңгені үнемдеу көзделуде. Осындай есептер аудандар бойынша да жасалуда», деді Т.Шәкімов.

Сондай-ақ электронды сауда алаңы, «Еңбек Балапан» жобасы талқыланған кеңеске төрағалық еткен өңір басшысы Ғали Есқалиев барлық жобаларды сапалы жүзеге асыру қажет екенін атап көрсетіп, қала, аудан әкімдеріне бақылауды күшейтуді тапсырды.





Жоғары қарай