Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда жүргізуші автокөлігімен Жайық өзеніне батып кетті

2021 жылдың 30 мамыр 2021 23:40

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында бір күнде екі адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, бірінші оқиға 30 мамыр күні Ақжайық ауданы Есенсай ауылы тұсында Жайық өзенінде болды.

Сағат 15.24-те Есенсайдан Чапаевқа қарай жеткізетін паромда тежегіш құралының ақауы салдарынан «ВАЗ-2121» автокөлігі суға кетті. Оның ішінде 49 жастағы жүргізуші болған.

Сағат 19.14-те жедел құтқару жасағының күшімен (4 адам, 1 техника) жүргізушінің мүрдесі мен автомобиль судан шығарылды.

Сондай-ақ тағы бір қайғылы оқиға жексенбі күні Бәйтерек ауданы Переметный ауылында болды. Сағат 19.00-де Деркөл өзеніне шомылуға белгіленбеген жерден түскен 24 жастағы жігіттің денесін куәгерлер алып шыққан. Ол белгісіз жағдайда батып кеткен.

БҚО ТЖ департаменті суда қауіпсіздік ережесін сақтау қажеттігін тағы да еске салады.




Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ер адамның мас күйінде көпірден секіріп кеткенін жазған болатынбыз.





Жоғары қарай