Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Батыс оқу орнының дипломы жоғары білімнің көрсеткіші емес – Тоқаев «Болашақ» бағдарламасы туралы

2022 жылдың 29 қаңтар 2022 23:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарына берген сұхбатында «Болашақ» бағдарламасымен техникалық мамандарды Ресейде оқыту жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әрине, ешқандай міндеттеу жоқ, мен жай ғана Ресейге оқуға жіберген дұрыс деген жорамалымды айттым. Себебі мұнда тіл мәселесі де бар, яғни тілдік кедергі жоқ, бұл бір. Екіншіден, біз стратегиялық серіктестер болғандықтан, бірлескен кәсіпорындар, оның ішінде ірі бизнеске қатысты кәсіпорындар бар, бізге Ресейде оқитын техникалық кадрлар қажет. Бірақ кейбірі Батыста оқығысы келуі мүмкін. Әрине, біз ешқандай кедергі жасамаймыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен бірге, Президент Батыстың оқу орнының дипломының болуы жоғары білім көрсеткіші еместігін атап өтті.

«Бірақ онда өзіндік айрықша білім бар екенін түсіну керек. Одан бөлек, мен батыстық білімді дәріптемес едім. Онда да өз проблемалары бар және біз Батыс университеттері де диплом шығаратын кеңселерге айналып жатқанын білеміз. Ақшаны төле де, біраз уақыттан кейін дипломды ала бер, кейбір жастарымыз мұны пайдаланып жүр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жоғары қарай