Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс өңірлік қолбасшылығында 200 жас сарбаз Отанға адал болуға ант берді

2021 жылдың 17 мамыр 2021 20:33

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Батыс» өңірлік қолбасшылығында 200 жас сарбаз Отанға адал болуға ант берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік қолбасшылықтың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Атырау, Ақтөбе қалаларында, Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында 200-ден астам әскери қызметші Отанға адал болуға ант берді. Ант беру карантиндік шектеулерге байланысты еліміздің оңтүстік және шығыс өңірлерінен шақырылған жас сарбаздар ата-аналарының қатысуынсыз өтті.





«Әскери қызметке Алматы облысының Жаркент қаласынан келдім. Бөлімге келгеннен кейін әскери дайындық басталды. Ант бергенге дейін толқыған едік. Өйткені, әскери ант – әр жас сарбаз үшін ерекше әскери жоралғы, шынайы қызмет басталатын жауапты да қызықты сәт. Бірақ, бәрі жоспардағыдай өтті», - дейді әскер қатарына шақырылған жас сарбаз Исламбек Еркімбеков.





Жас сарбаздар кіші мамандарды даярлау бағдарламасымен жауынгерлік дайындықтарын жалғастырады. Олар артиллеристер, барлаушылар, байланысшылар, атқыштар және басқа әскери маман ретінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілерімен бір құрамда болады.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудағы әскери бөлімдерге 200 жас сарбаз шақырылып, әскери дайындықтан өткенін хабарлаған болатынбыз.





Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай