Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Батысқазақстандық шорттрекші Бейжің олимпиадасында бақ сынайды

2022 жылдың 20 қаңтар 2022 13:34

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батысқазақстандық шорттрекші Әділ Ғалиахметов Бейжің олимпиадасында бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлім еткеніндей, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әділ Ғалиахметов 1998 жылы Орал қаласында дүниеге келген.

Қаладағы №2 орта мектепте білім алып, кейін спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп- интернатта оқуын жалғастырды.

Елордадағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат-колледжінде білім алып, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін дене тәрбиесі

және спорт мамандығы бойынша бітірді.




Қазақстан спартакиадасының жеңімпазы, еліміздің әлденеше дүркін чемпионы, әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанып үлгерген Ә.Ғалиахметовтің Бейжіңде барын салатыны анық.

Белгілі маман, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков баптайтын ҚР шорт-трек құрамасының мүшесі, қазақ жастары арасында алғаш рет әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанған Абзал Әжіғалиев – қазіргі кезде елорда атынан шығып жүргенімен, ол да – Батыс Қазақстан облысының түлегі.

А.Әжіғалиевтің хабарлауынша, Бейжің олимпиадасына өзі мен Әділден басқа Қазақстаннан Денис Никиша, Ольга Тихонова және Яна Хан жолдама алды.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт, Олимпиада,
Жоғары қарай