Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Батысқазақстандық Жансая Мусина Тарбағатайда өткен халықаралық айтыста екінші орынға ие болды

2019 жылдың 17 маусым 2019 03:26 3089

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылында халықаралық айтыс мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айтыс үш күнге созылған «Тұғыры биік Тарбағатай» атты халықаралық спорт және өнер фестивалі аясында ұйымдастырылды.

Елге белгілі кәсіпкер Дулат Тастекеевтің демеушілігімен «Туған жерге туыңды тік» атты халықаралық жыр додасы осымен төртінші рет өткізілді.

Айтысқа Нұрмат Мансұров, Рүстем Қайыртайұлы, Жансая Мусина, Қанат Мырзахан, Дулат Шідерин, Мұхтар Ниязов, Сырым Әуезхан, Аруна Керімбек, Аспанбек Шұғатаев, Моңғолиядан Айдос Рашат, Қырғызстаннан Ақжолтай Қанатбекұлы, Қытайдан келген Ерлан Аманқожаұлы сынды ақындар қатысып, бақ сынады.

Айтыс қорытындысында Ерлан Аманқожаұлы бас жүлдені (2 млн теңге) жеңіп алды.

Тараздық Қанат Мырзахан бірінші (1 млн теңге), батысқазақстандық Жансая Мусина екінші (700 мың теңге), алматылық Рүстем Қайыртайұлы үшінші (500 мың теңге) орынға ие болды.

Жыл сайын табысталатын арнайы стипендия (2,4 млн теңге) биыл Аспанбек Шұғатаевқа берілді.

«Жалпы, айтыстың деңгейі жоғары болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кәсіпкер Дулат Тастекеев биыл спорт және өнер фестивалі етіп кең ауқымда ұйымдастырған екен. Соған бәріміз куә болдық», деді ҚазАқпарат тілшісіне Жансая Мусина. 

 

 

Жоғары қарай