Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 36 °С
валюта бағамы
USD 383.01
EUR 430.12
RUB 6.10
CNY 55.70

Батысқазақстандықтар Көрісу күнін киелі орында атап өтті

2019 жылдың 14 наурыз 2019 19:51 1338

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан жұртшылығы Көрісу күнін Сырым ауданы Тоғанас ауылдық округінде орналасқан Жұмағазы хазірет - Дәдем ата мекенінде атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жұмағазы хазірет жерленген мекен - Қазақстанның киелі орындарының қатарына Батыс Қазақстан облысынан енгізілген нысанның бірі.

Мұнда ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту, ел бірлігін нығайту мақсатында соңғы жылдары Көрісу күніне орай «Дәдем ата - Жұмағазы хазірет» қоғамдық қорының (төрағасы Ғариполла Жанбозов) қолдауымен мерекелік шаралар ұдайы ұйымдастырылып келеді.

Биыл да киелі мекенге халық жиналып, қыстан аман-сау шығып жатқан ағайын бір-бірімен құшақ жайып, қуана көрісті.

Батысқазақстандық ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Дәметкен Сүлейменова Көрісу күнінің шығу тарихына тоқталды. Мысалы, 14 наурыз ескіше жыл санау бойынша 1 наурызға келеді. Қазақ халқының ежелден тыныс-тіршілігі негізінен мал шаруашылығына байланысты болғандықтан, алты ай қыстан аман шығу айрықша қуаныш саналған. Мал-жанның амандығын ойлаған ел көктемге жеткенде, жадыраңқы көңілмен қауышқан. Өкпе-реніштері болса, кешірген.



null 

Шараны ұйымдастырушылардың бірі, «Телегей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлан Сәдір жыл бойы басынан кісі арылмайтын осынау киелі мекенді рухани орталыққа айналдырғылары келетінін жеткізді.

Көрісу күні, өлке шежіресіне орай әңгімелер айтылып, белгілі домбырашы Едіге Нәбиев күй шертті.Наурызға орай танымал жыршы Фархат Оразов жыр-терме орындады. 



null 

Көрісу күніне арналған мерекелік шаралар Орал қаласы мен облыс аудандарында да ұйымдастырылды. 



null 

 

Жоғары қарай