Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыста жас сарбаздар әскери дайындықтан өтіп жатыр

2021 жылдың 15 мамыр 2021 03:00

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне шақырылған жас сарбаздар алғаш рет оқ-дәрінің иісін иіскеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік қолбасшылықтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтөбе, Атырау және Бейнеу гарнизондарының 200-ден астам әскери қызметшісі алғашқы жауынгерлік атыс жаттығуларын өткізіп, «Атлетизм. Табандылық. Батылдылық» кедергілерінің жолағын бағындырды.

«Атыс жаттығулары – жас сарбаздрдың даярлық үрдісінің шешуші кезеңдерінің бірі. Әскерилер бұл іс-шараны «оқ-дәрінің иісін сезу» деп те айтады. Жас сарбаздардың алғашқы әскери дайындығы бірнеше кезеңнен тұрады. Бұл 24 күнге созылады. Осы кезеңде сарбаздар тактикалық, атыс, дене шынықтыру, атыс дайындығы сияқты пәндердің негізгі түсініктерімен танысады. Сондай-ақ, әскерге шақырылушылар саптық жаттығу элементтерін, қару-жарақтың тактикалық-техникалық сипаттамаларын, жалпы әскери ережелерді меңгереді», - дейді жас сарбаздар взводының командирі лейтенант Ғазиз Ерсейітов.




Бірінші ату қорытындысымен ең жақсы нәтижені 100-ден 93 ұпай жинаған қатардағы жауынгер Ермек Мұханалин көрсеткен.




«Мен командирлерімнің барлық нұсқауын орындадым. Келесіде өз нәтижемді жақсартуға тырысамын. Біз жауынгерлік дайындықтың негіздерін қызығушылықпен үйреніп, ант беруге дайындалып жүрміз. Жас сарбаздарда Отанға қызмет етуге деген ықылас та, талпыныс та бар», - дейді жас сарбаз.








Жоғары қарай