Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Бәйдібектегі алып саңырауқұлақтар көпшілікті таңқалдырды

2022 жылдың 20 мамыр 2022 18:46

БӘЙДІБЕК. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Бәйдібек ауданында адам құшағымен бірдей алып қозықұйрықтар өсіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Боралдай ауылдық округіне қарасты Қостұра тауының бөктерінде шыққан үлкен саңырауқұлақтарды бірінші болып ауыл тұрғындары байқаған.

Төрт түлігін тауға айдаған боралдайлықтар жайлауда жайқалып өскен қозықұйрықтарды қолдарына ұстап, суретке түсіпті.

Кейін желіде тараған бұл фотолар көпшіліктің таңданысын туғызды. Ал, ауыл тұрғындары мен ақсақалдар мұндай ерекешеліктің сирек кездесетінін айтып отыр.

«Бұл - сирек кездесетін жағдай. 10, 15 жыл бұрын да осылай алып болып өскен екен. Мамыр айында жауын-шашын көп болды. Содан биыл қайта шықты. Өткенде ауылдың жастары іздеп барған екен, таппапты», - дейді Боралдай ауылдық округінің әкімі Асылхан Тоқтамысов.




Қазір алып қозықұйрыққа қызығушылар көп. Желіде тараған суреттеріне де әртүрлі пікір жазылып жатыр.

Соның ішінде тау етегіндегі саңырауқұлақтарды ешкім жұлмаған соң үлкейіп кеткен деген де болжам жасап жатқандар бар.








Жоғары қарай