Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Байқоңыр мектептерінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні қашан енгізіледі

2020 жылдың 3 желтоқсан 2020 14:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Байқоңыр мектептерінде «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері қашан енгізіледі? Мәжіліс депутаттарының бұл сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетерлігі, Мәжілістің бір топ депутаты Байқоңыр қаласындағы мектептерге «Қазақстан тарихы» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін міндетті оқу пәні ретінде енгізу мәселесін көтерген болатын.

Осы мәселеге қатысты Үкімет басшысының жауабында бұл жайтты Ресей тарапымен пысықтау барысында Байқоңыр қаласының әкімшілігі оны «Байқоңыр» кешені жөніндегі Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысында қарауды ұсынғанын айтады.

«Бұл ретте, Ресей Федерациясының Ағарту министрлігіне Ресейдің жалпы білім беру ұйымдарында «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін оқыту мүмкіндігіне қатысты ресми ұстаным беру туралы сұрау салу жіберілді. Осы уақытқа дейін Ресей Федерациясының Ағарту министрлігінен жауап түскен жоқ», - деді Премьер-Министр.


Жоғары қарай