Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Байқоңырда карантин 1 ақпанға дейін ұзартылды

2021 жылдың 16 қаңтар 2021 14:23

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының қаулысымен шаһар аумағында коронавирус инфекцияна қатысты шектеу шаралары 1 ақпанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін Байқоңырда карантин 2021 жылдың 18 қаңтарына дейін енгізілген болатын. Эпидахуалдың өршуіне сырттан әкелінген жаңа жағдайлар себеп болған.

Ресей федералды медициналық-биологиялық агенттігінің «Байқоңыр» кешені өңірлік басқармасының мәліметінше, 2020 жылдың 26 желтоқсанынан 2021 жылдың 15 қаңтар аралығында 38 байқоңырлық тұрғын коронавирус жұқтырған. Тіркелген жағдайлардың жалпы саны 1124-тен 1162 адамға дейін артты. Инфекциялық стационарда 7 адам емделіп жатыр, соңғы үш аптада өлім жағдайлары болған жоқ. Пандемия басталғаннан бері Байқоңырдың 70 тұрғыны коронавирус ауруынан қайтыс болды.

Байқоңырда қолданыстағы шектеу шаралары сақталуда. Жедел штаб тұрғындарды жабық үй-жайларға барғанда маска режимін, әлеуметтік қашықтықты, санитарлық ережелер мен жеке гигиенаны қатаң сақтауға шақырады.


Жоғары қарай