Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Байқоңырда карантин 16 тамызға дейін ұзартылды

2021 жылдың 22 шілде 2021 23:29

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Байқоңыр қаласының аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу бойынша шектеу шараларының режимі 2021 жылғы 16 тамызда 00.00 сағатқа дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресейдің «Байқоңыр» федералды биомедициналық агенттігі кешенінің аймақтық басқармасының күнделікті ақпаратына сәйкес, соңғы уақытта аурудың айтарлықтай өсуі байқалады.

Егер 2021 жылдың шілдесінің басында коронавирус жағдайларының жалпы саны (пандемия басталғаннан бері) 1465 болса, 21 шілдеде бұл көрсеткіш 1633-ке жетті.

Яғни, өткен үш аптада Байқоңырда 165 адам коронавируспен ауырған. 20 шілдеде бір күнде 33 КВИ жағдайы тіркеліп, антирекорд орнады.

Қазіргі уақытта инфекциялық стационарда 38 адам емделіп жатыр. Соңғы 20 күн ішінде 4 адам қайтыс болды: Covid-19 диагнозынан 87 байқоңырлық көз жұмды.

Байқоңыр қаласының әкімшілігі карантинді ұзартумен қатар, өзінің жаңа қаулысымен қоғамдық тамақтандыру қызметін көрсететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысына белгіленген шектеуге өзгерістер енгізді.

Қызметтерді тек верандалар мен террастардағы жабық залдардан тыс жерде әйнексіз және жұмыс режимін 23 сағатқа дейін шектемей көрсетуге болады.

Бұл ретте верандалар мен террастардың үстел арасы кемінде 1,5 метр қашықтықта отыратын орындардың жалпы санынан 50%-дан аспайтын және келушілердің үстел басында 4 адамнан аспайтын отырғызылуы қамтамасыз етілуі тиіс.

Қаланың жедел штабы Байқоңырда бұрын жарияланған және қолданыстағы барлық шектеу іс-шаралары сақталатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 5708 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.

Жоғары қарай