Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Байтұрсын Өмірбеков: Бүгінгі қиындықты ауызбірліктің арқасында ғана жеңе аламыз

2020 жылдың 13 шілде 2020 14:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін міне, қабырғамыз қайысып отыр. Мемлекет басшысы бүгінгі күнді Жалпыұлттық аза тұту күні етіп жариялады. Бұл дұрыс шешім әрине. Аз уақытта қаншама азамат бақилық болып кетті.

«Осы ретте мен арандатушылар індеттің тарауын пайдаланып, халықты әртүрлі әрекетке де итермелеп жатқанын, алайда біз елдігіміз бен тәуелсіздігімізді уыстан шығармауымыз керектігін айтқым келеді»,-дейді өнертанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Байтұрсын Өмірбеков.

Бұл пікірін ол ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.

«Елді коронавирус деген індет жайлап, біреудің ата-анасын, біреудің бауырын, дос-жаран, ағайын-туысын алып кетіп жатыр. Солардың арасында небір жақсы-жайсаңдар, ақылгөй-абыздар, таланты асқан дарындар, халқына айтарын айта алмай, берерін бере алмай шерменде болып кеткендер қанша?! Сол себепті де 13 шілдені – Жалпыұлттық аза тұту күні деп белгілеп індеттен қайтыс болғандарға топырағы торқа, жандары жәннатта болсын деп, жақындарына жақсылық тілеп, қайғыларына ортақ екенімізді білдіріп жатырмыз», - дейді өнертанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Байтұрсын Өмірбеков.

Ол осы бір кезеңде біздің қоғам толқу үстінде екенін айтты.

«Індеттің қарқыны үрей тудырады. Ертеңгі күннің тіршілік-қамы тағы бар. Экономикалық дағдарыс, инфляция халықтың мазасын кетіріп-ақ тұр. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқандары көкейге қонымды. Арандатушылар жағдайды пайдаланып, халықты әртүрлі әрекетке итермелейді. Біз елдігіміз бен тәуелсіздігімізді уыстан шығармауымыз керек. Халық болып Президентімізді қолдауымыз керек. Бірлікте болып, елімізді қиын жағдайдан құтқаруға атсалысайық», - дейді ол.


Жоғары қарай