Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Байзақтағы жарылыстан қаза тапқан өрт сөндірушілерге ескерткіш қойылды

2022 жылдың 11 мамыр 2022 02:50

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында былтыр Байзақ ауданында болған төтенше жағдай кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған мемориал салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, былтыр 26 тамыз күні Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, артынан жарылған болатын.

Оқиға салдарынан барлығы 17 адам қаза тапты.

Оның арасында ішкі істер органының қызметкерлері, әскерилер мен төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері, әскери прокурор бар.

Осы 17 адамның ішінде 10 құтқарушы әскери қоймадағы өртті сөндіріп жүріп көз жұмған.

Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағына орнатылған мемориалға Жамбыл облысы азаматтық қорғау органдары 14 қызметкерінің есімі жазылды.

Батырларға арналған мемориалдың салтанатты ашылу рәсіміне Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев, Жамбыл облысы ТЖД гарнизонының басшылығы мен жеке құрамы, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, жас құтқарушылар, қаза тапқан қызметкерлердің туыстары мен жақындары қатысты.













Жоғары қарай