Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Базарға бомба қойдым деген рудныйлық ұсталды

2020 жылдың 17 наурыз 2020 18:18

ҚОСТАНАЙ. қазАқпарат – Рудный қаласында орталық базарда жарылғыш зат қойылғанын айтқан 34 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рудный қаласы полиция бөлімінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 14:00 шамасында болған. Полицияға 50 лет октября көшесіндегі «Бак-Бак» базарына «бомба» қойылғаны туралы анонимді хабарлама түскен.

«Тергеу амалдарын жүргізу барысында осы ақпарат тексерілді. Жарылғыш зат табылған жоқ. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері жалған хабар таратқан 34 жастағы ер адамды анықтады», - делінген полицияның ақпаратында.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.


Жоғары қарай