Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Бек Нұрмағанбет бокстан Азия чемпионы атанды

2019 жылдың 26 сәуір 2019 15:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында 81 келі салмақта бокстасқан Бек Нұрмағанбет ел қоржынына екінші алтын медаль салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отандасымыз ақтық сында Филиппин боксшысы Джон Нобель Марвинмен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Жартылай финалда, Нұрмағанбет қырғыз боксшысы Эркин Адылбек уулуын жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Айта кетейік, бұл бокстан Азия чемпионындағы Қазақстан құрамасының екінші алтын медальі.

Бұған дейін, 75 келі салмақта Тұрсынбай Құлахмет қарсыласын жеңіп, Азия чемпионы атанған болатын.

Алда аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаевтің өзбекстандық Баходир Жалоловпен жекпе-жегі бар.




null


null

Автор Мұхтар Қалимоллаұлы
Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай