Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Бекіре-2021»: Браконьерлік фактілерімен 20 қылмыстық іс қозғалды

2021 жылдың 17 сәуір 2021 06:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Бекіре-2021» акциясы барысында заңсыз ауланған 14,6 тонна балық тәркіленіп, 20 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

30 наурызда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар, Ішкі істер министрліктері мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Орал-Каспий бассейнінің су айдындарында «Бекіре-2021» кең ауқымды балық қорғау акциясын өткізе бастады.

Акция басталғаннан бері Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары құқық қорғау, табиғат қорғау органдарының және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 360 дерегін анықтады. Соның нәтижесінде 210 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Сонымен қатар, 33 материал сот органдарына жолданды, браконьерлікпен айналысу және сирек кездесетін, жойылып кету қаупі төнген балық түрлерінің заңсыз айналымы фактілері бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп бұзушыларға 3,4 млн теңге айыппұл салынды.

Заңсыз айналымнан 14,6 тонна балық алынды, оның ішінде 551,5 кг бекіре тұқымдас балық түрлері бар. Бұдан бөлек, 152 дана аулау құралы, 11 автомобиль және 28 су көлігі тәркіленді.

Өзен арнасы мен теңіз акваториясын күнделікті тексеру нәтижесінде су қоймаларынан жалпы ұзындығы 40 км-ге жуық 438 бірлік заңсыз балық аулау құралдары алынды», - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Акция 2021 жылдың 31 мамырына дейін жалғасады.

Басты сөздер: Қылмыспен күрес, Браконьер,
Жоғары қарай