Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Бекірені заңсыз тасымалдаған азамат сотталды - Атырау

2020 жылдың 7 маусым 2020 00:27

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында 4 кг бекірені заңсыз тасымалдаған тұрғынның бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, биылғы 28 сәуірде сағат 16:35-те Махамбет ауданындағы Есмахан елді мекенінің тұсында «Тойота-Ипсун» маркалы автокөлігі тоқтатылған. Көлікті тексеру кезінде жалпы салмағы 4 килограмм екі бекіре балығы табылған.

«Махамбет аудандық сотында қысқартылған тәртіпте қаралған іс барысында көлік жүргізушісінің пайдалануға тыйым салынған бағалы бекіре балығын заңсыз тасымалдағаны дәлелденді. Көлік жүргізушісі өзінің кінәсін мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады» -деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен құқық бұзушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ, пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен байланысты лауазым мен қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.


Жоғары қарай