Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бекшин автобустарға бактерицидті шам неліктен орнатылғанын түсіндірді

2020 жылдың 26 қазан 2020 18:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда автобус салондарын кварцтаудың тиімділігі туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір қалада 4 автобуста осындай бактерицидті шам орнатылған. Пилоттық жобаның қорытындысы шыққан соң оларды басқа автобустарда қолданамыз. Біз микроб флорасын зерттеп жатырмыз. Аталған шамның тиімділігі тексеріліп жатыр. Бұл зерттеулердің арқасында карантин шараларын қатайту болмаса бәсеңдету бойынша шешім қабылдаймыз. Әзірге ақпарат аз», - деді Бекшин.

Айта кету керек, біз бұған дейін Алматыда қоғамдық көлікте бактерицидті шам орнатыла бастағанын жазған болатынбыз.

Жоғары қарай