Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Бельгия парламенті АҚШ ядролық қаруын елден шығарудан бас тартты

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 17:10

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бельгия парламентінің депутаттары бейсенбі күні елде орналастырылған америкалық ядролық қаруды шығару және Ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі БҰҰ Келісіміне қосылу туралы жазылған резолюцияны қабылдаудан бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі EurActiv журналына сілтеме жасап.

Резолюцияны 66 депутат қолдап, 74-і қарсы болған.

Құжатты жақтағандар қатарында социалистер, жасылдар, центристер (cdH), Жұмыс партиясы (PVDA) және DéFI франкотілді партия бар.

Қарсы дауыс бергендер - N-VA ұлтшылдар партиясы, фламандық христиандық демократтар (CD&V), ультраоңшыл «Фламандық мүдде» және Фландрия либералдары.

Айта кетсек, Рождество мерекесінің алдында Парламенттің сыртқы істер жөніндегі комитеті Бельгия аумағынан ядролық қаруды шығару және елдің Ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі БҰҰ Келісіміне қосылу туралы ұсынысты мақұлдаған болатын.

Резолюция жобасында «Бельгия аумағынан ядролық қаруды шығаруға бағытталған жол картасын мүмкіндігінше жылдам әзірлеу» туралы Бельгия үкіметіне қаратылған үндеу жарияланған.

Өткен жылдың шілдесінде НАТО Парламенттік ассамблеясы жариялаған баяндамада Бельгия НАТО келісімі аясында АҚШ-тың ядролық қаруын сақтайтын Еуропаның санаулы елдерінің бірі екені расталып өткен. Қару елдің солтүстігіндегі Кляйне Брогель әуебазасында орналастырылған.

Бельгия БҰҰ-ның Ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі 2017 жылғы Келісімін әлі күнге дейін қолдаған жоқ.

Дегенмен, бейсенбі күні дауыс берілген резолюция оқиғаның барысын өзгертуі тиіс еді. Қоғамның пікірін білу үшін өткен жылдың сәуірінде YouGov өткізген сауалнама бойынша бельгиялықтардың 64% Үкімет келісімге қол қоюы керек деп есептейді. Ел халқының 17% ғана оған қарсы.


Жоғары қарай