Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бельгияда вакциналанбағандар арасында ауруханаға жатқызылғандар саны артты

2021 жылдың 31 шілде 2021 16:59

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бельгияда 24-30 шілде аралығында жергілікті ауруханаларға коронавирус диагнозымен тәулігіне 32,9 пациент түсуде. Бұл көрсеткіш алдыңғы бақылау кезеңімен салыстырғанда 22%-ға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

30 шілдеде Бельгия ауруханаларына коронавирус диагнозымен 317 адам түскен. Олардың 96-сы интенсивті терапия бөлімшесінде ем қабылдауда, 45 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Ауруханаға түскендердің көпшілігі – толығымен вакциналанбағандар.

Қазіргі кезеңде 6,6 миллионнан астам адам (Бельгияның ересек халқының 71,4%-ы) вакцинаның екінші дозасын алды.

Сондай-ақ Бельгияның ересек халқының 83,4%-ы коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды. Бұл 8 миллионға жуық адамның екпенің бірінші дозасын салдырғанын білдіреді.

Коронавирусқа шалдығудың жаңа жағдайларының саны біртіндеп бәсеңдеуде, 21-27 шілде аралығында күніне орта есеппен алғанда 1418,3 жаңа жағдай анықталған. Бұл бір апта бұрынғы көрсеткіштен 4%-ға аз.

Соңғы аптада КВИ-ге жүргізілген тестілердің орташа тәуліктік саны 25%-ға азайды (орта есеппн алғанда бір күнде 55 285,1 тесті жүргізілген). Бірақ оң нәтиже берген тестілер саны 2,9%-ға көбейген. Бұл – соңғы айлардағы ең жоғарғы деңгей.

Пандемия басталғалы бері Бельгияда COVID-19 жұқтырудың 1124715 жағдайы анықталды. Көз жұмғандардың жалпы саны 25 241 адам.

Арнұр Рахымбеков


Басты сөздер: Медицина, Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай