Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Бельгиялық блогер Димаштың әндерінің арқасында танымал болды

2019 жылдың 19 тамыз 2019 21:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бельгияда тұратын блогер Димаш Құдайбергеннің әндерінің арқасында интернетте танымал болғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен Қырғызстанда дүниеге келдім. Онда 19 жасыма дейін тұрдым. Қазір Бельгияда тұрамын. Мен неге қазақ болдым? Оның себебі – Димаш. Қазақ жері таңғажайып адамды дүниеге әкелді. Оның барлық жетістіктерін тізбей-ақ қояйын. Себебі оның қаншалықты данышпан екенін барлығымыз жақсы түсінеміз. Ол өте мейірімді, сезімтал әлі рухани бай адам. Димаштың арқасында қазір менің арнамда оқырмандар саны артуда», - деді Юлия Эйер лақап атымен танымал блогер өзінің YouTube-арнасында.


Юлия Эйр Димаштың шығармашылығын зерттеп, оның өлеңдерін орыс тіліне аударады. Сондай-ақ Youtube-арнасына қазақ тілінде өзі орындаған әндерді жүктейді. Әнші қыздың репертуары көбіне Димаш Құдайбергеннің композицияларынан тұрады.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық жас әнші режиссер Алан Бадоевпен Исландияда қалай клип түсіріп жатқанын көрсеткен болатын.

Жоғары қарай