Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Беларусьте Президент Әкімшілігінің басшысы мен оның орынбасары ауысты

2019 жылдың 5 желтоқсан 2019 21:17

МИНСК. БЕЛТА – ҚазАқпарат – Беларусь президенті Александр Лукашенко Президент Әкімшілігі басшысы қызметіне Игорь Сергеенконы, ал оның орынбасары лауазымына Ольга Чупристі тағайындау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА-ға сілтеме жасап.

Бұл лауазымдарда болған шенеуніктер енді парламенттік қызметпен айналысады. Атап айтқанда, Наталья Кочанова Президенттік квота бойынша Республика кеңесіне жіберілсе, Валерий Мицкевич жетінші шақырылған Палата өкілдерінің құрамын толықтырды.

Осы тағайындауға дейін генерал-майор Игорь Сергеенко Беларусь Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болса, заң ғылымдарының докторы, профессор Ольга Чуприс Беларусь мемлекеттік университетінде оқу ісі және білім инновациясы жөніндегі проректор қызметін атқарып келді.

Басты сөздер: Әлем, Беларусь,
Жоғары қарай