Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Бердібек Сапарбаев: Қағазбастылық пен бюрократияны жою қажет

2019 жылдың 7 наурыз 2019 19:42 1349

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы мен Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына барып, қонақтармен әңгімелесті және азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығына электронды кезек жүйесі енгізілген, өзін-өзі басқару аумағы жұмыс істейді және электрондық еңбек биржасы жұмысымен интеграцияланған.

2019 жылдың басынан бері Астананың 500-ден астам тұрғыны Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасқан. Жастар тәжірибесіне 200-ге жуық жас маман жіберілді. Қазіргі уақытта жұмыспен қамту орталығында 5 мыңнан астам бос жұмыс орны бар.

Бердібек Сапарбаев Жұмыспен қамту орталығының негізгі міндеті -  уақтылы және сапалы әлеуметтік қызмет көрсету үшін жағдай жасау екенін атап өтті. Миинстр Ақтөбе қаласындағы «Халықтық кеңсе» жұмысының оң тәжірибесін мысалға келтірді. Онда халыққа қызмет көрсету орталығы, жұмыспен қамту, көші-қон, құқықтық, цифрлық қызметтер, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ және БЖЗҚ филиалдары ұсынатын мемлекеттік қызметтердің 600-ден астам түрі көрсетіледі.  Халық кеңсесінің барлық қызметтері «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетіледі.

Сонымен бірге Жұмыспен қамту орталығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшылығымен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесу өтті. Онда Мемлекет басшысының «Nur Otan» ХДП XVIII съезінде берген тапсырмалары аясында қабылданған шаралар талқыланды. Атап айтқанда, балалар мен жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету шараларын күшейту мен кеңейтуге, өңірлердің дербес әлеуметтік карталарын жасау және ақпараттық дерекқорларды біріктіруге ерекше назар аударылды.

Министр нағыз мұқтаж отбасын әлеуметтік қолдау қажеттігін айтты және оларды жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасауды тапсырды. 

«Әр отбасының қажеттіліктерін есепке алу керек және қағазбастылық пен артық бюрократиялық процедураларды жою қажет», - деп атап өтті Б. Сапарбаев.

Астана қаласы Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспановтың айтуынша, жыл сайын Астанада 130 мыңға жуық адам әлеуметтік қолдаумен қамтылады, оның ішінде 10 мыңнан астам көпбалалы отбасылар, 3500-ге жуық аз қамтылған азаматтар бар.

 

 

Жоғары қарай