Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бердібек Сапарбаев Тараздағы бірқатар дәріханаларды аралады

2020 жылдың 2 шілде 2020 17:13

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бүгін қаланың бірқатар нысандарын аралаған кезінде дәрі-дәрмектік жетіспеушілігі, кәсіптік білім беру, абаттандыру және басқа да мәселелерге назар аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы алдымен дәріханалардың жұмысымен танысты.

Әйтеке би көшесіндегі «Әмір & Д» дәріханасында кезекке тұрған тұтынушылардың қарасы қалың. Сатып алушылар нысанға бір-бірден кіріп, тауарларды терезе арқылы алуда. Соған сәйкес, кезекке тұрғандардың шоғыры таза ауада қалыптасқан.

Бердібек Сапарбаев ең бірінші қандай дәрі-дәрмектердің жетіспейтіндігіне және ол мәселелердің қалай шешіліп отырғандығына назар аударды.

«Әмір және Д» ЖШС директорының орынбасары Әмір Нұрсейітовтің айтуынша, дәріхана желісінің қоры қалыптасқанмен, бірақ ол тек бір айға жетеді екен.




«Әмір және Д» ЖШС-нің Тараз қаласы бойынша 24 дәріханасы жұмыс істейді десек, бүгінде олардың екеуі сұранысқа сәйкес тәулік бойы жұмыс істеуде. Желінің қоймалардағы қорларын бақылауға мүмкіндік беретін бірыңғай компьютер жүйесі қалыптасқан.

- Біз өзіміз глюкоза, аскорбин қышқылы, физ-ерітіндісін шығарамыз. Егер қажетті препарат болмаса, онда сатып алушыларға оның аналогын ұсынамыз. Тұрғындар парацетамол, ыстықты төмендететін және вирусқа қарсы препараттарды жиі сұрауда, - дейді А.Нұрсейітов.

Дегенмен дәріханада қарапайым сынап термометрлері таусылып, тек электронды түрлері ғана сатылымда екен.

Дәл осындай көрініс «Қоныс Б» дәріханасында да кездесті. Бұл дәріхана қызметкерлері тұтынушылар арасындағы және сатушымен арақашықтықтың сақталып, ішке тек біртіндеп енгізілетінін жеткізді.

- Бізде дәрі-дәрмектерді жеткізуде мәселе жоқ. Үнемі препараттардың үлкен қорын сақтап отырамыз. Біршама тұтынушылардың қарасы қалыңдағаны байқалады, бірақ әзірге таңертең әкелінген дәрі-дәрмектерді кешке дейін сатудамыз. Тұрғындарға парацетамолдың аналогтарын ұсынып жатырмыз, - деді дәріхана меңгерушісі Зағира Шаңлақбаева.

Бердібек Сапарбаев дәрі-дәрмектердің қымбаттауына қатысты сауал жолдады. Дәріхана меңгерушісі дәрі-дәрмектер барлық заңнамалық нормаларға сәйкес сатылатынына сендіріп, олардың бағасы соңғы үш айда бар болғаны бес пайызға ғана өскендігін алға тартты.

Облыс әкімі бас сұққан барлық дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмек болмаған жағдайда тұрғындарға баламалы препараттарды ұсынып, түсіндіру керектігін жеткізді. Сонымен қатар, ол осы орайда дәрі-дәрмектерді жеткізушілерімен кездесетіндігін тілге тиек етті.




Бердібек Сапарбаев келесі кезекте белгілі қазақстандық дизайнер Айдархан Қалиевтің «Асыл дизайн» студиясы мен «Аспара» колледжіне ат басын бұрды. Онда тігіншілермен сөйлесіп, бүкіл шығармашылық үдерістің ауқымдылығына көңіл бөлді.

Мұнан соң облыс әкімі «Алатау» ықшамауданындағы аулаларды абаттандыру жұмыстарымен танысты. Өңір басшысы қаланы аралау барысында жылу құбырлары жаңартылып жатқан бірқатар нысандарға аялдады.


Автор Қажы Мұрат
Басты сөздер: Жамбыл облысы, Медицина, Әкім,
Жоғары қарай