Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Берел қорымы - құнды жәдігерлер мекені

2020 жылдың 1 тамыз 2020 22:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мыңжылдықтар тарихын арқалаған Берел қорымы – Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары қатарына енген қасиетті мекен. Бұл туралы ҚазАқпарат ШҚО Ақпарат орталығына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Берел қорымы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Бұқтырма өзенінің оң жағалауында орналасқан. Құнды жәдігерлер мен обалар тарих қойнауынан сыр шертіп, археологиялар зерттеулердің айнымас орталығына айналды», - делінген ШҚО Ақпарат орталығының баспасөз хабарламасында.




Обаларды жүйелі түрде зерттеу Зейнолла Самашевтың есімімен тікелей байланысты.

«Оның басшылығымен жүргізілген қазба жұмыстардың нәтижесінде 1998-1999 жылдары қолдан жасалған мәңгі мұздықтағы № 11 «Патша қорғанынан» сақ көсемі мен әйелдің және ер тоқымымен бірге жерленген 13 жылқының мүрдесі табылды. Оған қоса патшаның салтанат киімі, мініс аттардың ат әбзелдері, ағаштан, былғарыдан, киізден аң стилінде жасалған мыңнан астам қолөнер жәдігерлері бар. Кейінірек тағы да мәңгі тоң басқан екі қорған зерттеліп, олардан да жерленген жылқылардың мүрделері табылды», - делінген хабарламада.

2016 жылы облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен археология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарламаның негізгі мақсаты - өңірдің туристік бағытын дамыту үшін мәдени брендін қалыптастыру, Әлемдік ЮНЕСКО қорын толықтыру.

Бұл жерде құнды жәдігерлерді келушілердің көруіне мүмкіндік жасау үшін қорғанның үстінен шыны саркофаг тұрғызылды. Қатты шыныдан жасалған саркофагтің аумағы 90 шаршы метр, ал биіктігі жәдігерлер жатқан жерден бастап 8,5 метрді құрайды.





Жоғары қарай