Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Берлин тұрғыны павлодарлық полицейге алғыс айтты

2021 жылдың 22 мамыр 2021 20:59

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда 21-22 мамырда онлайн режимде «Жолдағы қабылдау»республикалық акциясы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін полиция департаментінің «Азаматтарға арналған қабылдау бөлмесінде», сондай-ақ қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде азаматтарды жеке қабылдау жүргізілді.
Онда жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасы, автокөлікті тіркеу, жол қозғалысын ұйымдастыру, көлік құралдарын қайта жабдықтау, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұл төлеу мәселелері бойынша түсініктемелер мен кеңестер берілді.
- 21 мамырда, күні бойы dp_pavlodar Instagram аккаунтынан онлайн режимінде полиция департаментінің жеті мыңға жуық оқырманы өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап пен кеңес алды. Сұрақтардың басым бөлігі автокөлік жүргізушілерінен келіп түсті, - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, кейбір мәселелер дереу шешілді. Мысалы, тікелей эфир кезінде Павлодар қаласының тұрғыны полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровқа хабарласып, Павлов көшесінде жол белгісі сынғанын айтты. Дереу аталған мекен-жайға осы ақаулықты орнына келтіруге полиция қызметкерлері жіберілді.
Сонымен бірге жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафиновқа тікелей эфирде Германияның Берлин қаласының тұрғындары автокөліктерді қайта рәсімдеу бойынша кеңес алу үшін жүгінді. Шетел азаматтарына толық ақпарат берілді.
Генрих Гафт жедел кеңес бергені үшін Павлодар полициясына алғысын білдірді.


Басты сөздер: Парламент, Қоғам, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай