Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бес өңірде науқастарға ауруханадан орын жетпей, төсек-орын тапшылығы болуы мүмкін

2021 жылдың 28 шілде 2021 17:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдегі екі ірі қала мен үш облыста инфекциялық төсек-орын тапшылығы сезілу мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой орталық коммуникациялыр қызметінде өткен брифингте айтты.

«Ем алып жатқан науқастардың саны 2 есе көп. Қазір еліміз бойынша 90 мыңдай адам ауырып жатыр. Оның 25 мыңы - стационарда, 65 мыңнан астамы амбулаторлық ем алуда. Шілденің басындағы жағдаймен салыстырғанда ауыр жағдаймен түскендердің саны екі есе көбейді. 1000-ға жуық науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - деді Денсаулық сақтау министрі.

Ведомство басшысы инфекциялық және реанимациялық төсек-орын тапшылығы сезілуі мүмкін өңірлерді атады.

«Оның үстіне бірқатар өңірде инфекциялық және реанимациялық төсектердің тапшылығы болуы мүмкін. Тәуекел аймағында Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Ақмола, Қызылорда облыстары тұр. Бірнеше өңірдің денсаулық сақтау жүйесі жоғары жүктемемен жұмыс істеп жатыр», - деді министр.


Жоғары қарай