Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бес жылда қаржы пирамидаларының үстінен 600-ден астам қылмыстық іс қозғалған

2021 жылдың 19 қазан 2021 18:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовтің айтуынша, кейінгі 5 жылда қаржы пирамидаларының үстінен 600-ден астам қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құқық қорғау органдары қаржы алаяқтығына қатысы бар фактілерді анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп отыр.

Соңғы 5 жылда Қылмыстық кодекстің 217-бабы (қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде 618 материал тіркелген.

2019 жылмен салыстырғанда былтыр осы санат бойынша тіркелген қылмыстар саны 7 есе өсті. Бұл қаржы пирамидаларының қызметін тоқтату бойынша жұмыстардың жанданғанын көрсетеді», - деп жазды Ғизат Нұрдәулетов Мәжіліс өкілдерінің депутаттық сауалына берген жауабында.

Оның мәліметі бойынша, биылғы 9 айда қылмыстық қудалау органдарының өндірісінде қаржы пирамидалары бойынша 380 қылмыстық іс қаралған.

Оның ішінде 212 іс сотқа жолданса, 2 іс негіздеменің жоқтығынан қысқартылған.


Жоғары қарай