Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бейбіт жиналыстар туралы заңның артықшылығы да, кемшілігі де іс жүзінде көрінеді – министрлік

2020 жылдың 26 мамыр 2020 17:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бейбіт жиналыстар туралы заң нормаларының іс жүзінде артықшылығы да, кемшілігі де көрінеді. Мемлекет басшысы қол қойған бейбіт жиналыстар туралы заңға қатысты Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және оған қатысу құқығы азаматтарға да, ұйымдарға да берілген. Әр адамның үніне құлақ асқымыз келеді. Сонымен бірге бейбіт жиналыстар туралы заңнаманы қазір қалыптасқан жағдайдан, құқық қолдану тәжірибесінен, саяси мәдениет пен дәстүрден, саяси танымнан бөле жарып қарастыра алмайтынымызды түсінуіміз керек», - деді Данияр Есин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша кез келген заң тірі ағза секілді.

«Өмір бір орында тұрмайды. Тұрақты даму қалпында. Бейбіт жиналыстар туралы заң нормаларының іс жүзінде артықшылығы да, кемшілігі де, сонымен қатар кем-кетікті жою жолы да көрінеді», - дейді Данияр Есин.

Сонымен қатар, министрлік өкілі заң бойынша жұмыс жүргізген жұмыс тобының мүшелеріне, Парламент депутаттарына, азаматтық қоғам мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелеріне, құқық қорғау ұйымдарының өкілдеріне алғысын білдірді.


Жоғары қарай