Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бейруттағы жойқын жарылыс: 60-тан астам адамның жағдайы ауыр

2020 жылдың 5 тамыз 2020 17:26

БЕЙРУТ. ҚазАқпарат – Бейрут портындағы жойқын жарылыстан зардап шеккен 60-тан астам адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы сәрсенбі күні Al Arabiya телеарнасы ливандық Қызыл Крест қоғамына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жарылыс кезінде зардап шеккен 60-тан астам адамның жағдайы ауыр», - деп хабарлайды телеарна.

Al Mayadeen телеарнасының мәліметінше, жарылыстан жарақат алған 300-ге жуық адам Бейруттағы Америка университетіне қарасты медициналық орталықта емделуде. Сондай-ақ, мерт болғандардың денесі де сол орталыққа жеткізілген және олардың жартысына әлі ДНҚ сараптамасы жүргізілмеген. Одан бөлек, ливандық БАҚ жарылыс орын алған аумақта орналасқан 3 аурухананың істен шыққанын хабарлайды.

Кейінгі мәліметтер бойынша, 100-ден астам адам қаза тауып, 4 мыңнан астам тұрғын зардап шекті. Елде аза тұту күні жарияланды. Апат аймағы деп танылған Бейрутта екі апталық төтенше жағдай режимі енгізілді.

Еске сала кетсек, 4 тамызда Ливанның әскери-теңіз күштері (ӘТК) базасына жақын Бейрут порты ауданында жойқын жарылыс болды.

Жарылыс салдарынан Қазақстанның СІМ Ливандағы дипломатиялық миссиясы ғимаратына зиян келген. Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетіп қалған.

Консул жұмыста қалған болатын және жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алды.

Бұған дейін хабарланғандай, 5 тамыз күні Бейрут уақытымен сағат 00:30-да Ливанның Денсаулық сақтау министрі Мұхаммед Хасан жарылыстан қаза тапқандар саны 70-ке жеткенін, 4 мыңға жуық тұрғын жарақат алғанын мәлімдеді.

Әлем елдерінің, халықаралық ұйымдардың басшылары мен премьер-министрлері 4 тамызда Ливанның әскери-теңіз күштері (ӘТК) базасына жақын Бейрут порты ауданында болған жарылысқа байланысты Ливан халқына көңіл айтып, шұғыл көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

5 тамыз күні жарылыстың себебі анықталды. Билік мәлімдемесіне сәйкес, аммоний нитратының үлкен партиясы (аммиак селитрасы деп те аталады) портта ұзақ уақыт сақталып, қауіпсіздік талаптары сақталмаған.

Мемлекет басшысы Ливандағы қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.



Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай