Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бейжіңдегі Абай ескерткішіне гүл шоғы қойылды

2020 жылдың 10 тамыз 2020 20:32

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжіңдегі Абай ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Қытайдағы Елшілігіне сілтеме жасап.

Осы тамаша күні белгілі жазушы, Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесінің экс-депутаты Әкбар Мәжіт, «Цзиньтай» өнер мұражайының негізін қалаушы және Абай мүсінінің авторы Юань Сикун, сондай-ақ доцент, филология ғылымдарының кандидаты және Бейжін шет тілдер университеті жанындағы Қазақ орталығының меңгерушісі Сунь Фан Абай мұрасы туралы өздерінің жылы ойларымен бөлісті.


Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің ұжымы барлық қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады.


Басты сөздер: #Аbai175, Қытай,
Жоғары қарай