Биатлоннан әлем кубогі рейтингісінде Қазақстан командасы екі саты жоғарылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биатлоннан Германияның Оберхофф қаласында өтіп жатқан әлем кубогінің төртінші кезеңінде Қазақстан ерлер командасы эстафетадан 17-ші орын иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Эстафетаға жалпы есебі 26 команда қатысты. Қазақстан атынан Антон Пантов, Роман Еремин, Владислав Витенко және Тимур Куц жарыс жолына шыққан болатын.
Тартысты бәсекеде қазақстандықтар 17-ші орын иеленді. Сондай-ақ, әлем кубогі рейтингінде Қазақстан командасы екі орынға жоғарылап, 21-ші сатыға тұрақтады.
Ерлер арасындағы эстафетада Норвегия топ жарса, Франция күміс, Германия қола жүлдегер атанды.
Ал әйелдер командасы арасындағы эстафетада Қазақстан командасы 19-шы орыннан көрінді.