Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Биліктің ауысуы мен коронавирус - Нұрсұлтан Назарбаев туралы жаңа фильм көрсетіледі

2020 жылдың 3 шілде 2020 19:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 6 шілде - Елбасының туған күнінде «Хабар» телеарнасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы жаңа деректі фильмді көрермен назарына ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы барлық жерде және әлемнің кез келген түкпірінде биліктің ауысуы – қауіпті сәт. Барлық уақытта да осынау сәтте катаклизмдер, тәртіпсіздіктер болып, барлық саяси күштер бас көтереді, әрқайсысы пайдаланып қалуға тырысады. Мен мұны ескердім...», - деді Нұрсұлтан Назарбаев тілші Айгүл Әділоваға берген сұхбатында.

Сондай-ақ фильм барысында коронавирус жайында сөз қозғалады. Айта кетсек, індетке Елбасының өзі де шалдығып қалған болатын.

«Осынау коронавирус биліктің мықты вертикалы бар жерде, басқарылатын жерде – індетті еңсеруге болатынын көрсетіп берді. Бұл, оңай мәселе емес. Адамдар өліп жатыр. Жедел әрі табанды шешімдер қабылдау қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі мен журналист Айгүл Әділованың арнайы жобасы – «Пусть следующие поколения сделают лучше меня...» деп аталатын деректі фильм 6 шілде күні «Хабар» телеарнасының эфиріне шығады.



Жоғары қарай