Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Білім басқармасы: Шарын шатқалына экскурсия мектеп әкімшілігімен келісілмеген

2021 жылдың 30 мамыр 2021 14:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Шарын шатқалында болған қайғылы оқиға кезінде онда Алматы қаласындағы №199 гимназияның 8 оқушысы болған, деп хабарлайды қалалық білім басқармасынан.

«Ағымдағы жылдың 29 мамырында Шарын шатқалында қайғылы оқиға болды. Өкінішке орай, экскурсияға барғандардың арасында Алматы қаласындағы №199 гимназияның 8 оқушысы болған. Олармен бірге оқушылардың 5 ата-ана және 3 мұғалім болды. Оқиға салдарынан бір оқушы және пән мұғалімі қайтыс болған. Оқиға орнында болған тағы бір оқушы іздестіріліп, ол табылды және ауруханаға жіберілді» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, балалар мен зардап шеккендерге қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде. Экскурсия каникул уақытында болғандықтан мектеп әкімшілігімен келісілмеген.
«Білім басқармасы оқиғаның мән-жайын толық зерттеуде. Қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығуын тілейміз. Құрметті ата-аналар, сіздерге каникул кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске саламыз!» деп түйінделген хабарлама.

Басты сөздер: Оқиға, Алматы, Білім,
Жоғары қарай