Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Білім беру саласына қосымша қолдау қажет - Төлеуғали Тайтөлеев

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 17:55

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат —Ұстаз, Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің директоры Төлеуғали Тайтөлеев бүгінгі білім беру саласына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі білім берудің негізгі мақсатының бірі — бәсекеге қабілетті маман даярлау екенін ескерсек, ондай маманды даярлау үшін ұстаздарымыз әлеуетті, қамтамасыз етілген, жауапты, шығармашыл, ізденімпаз, өзгерістерге бейім болуы керек. Осының бәрі білім саласында іске асырылуда деуге болады. Ұстаздардың әлеуметтік жағдайы жасалуда, білім алушыларымыздың сапалы білім алуына барлық мүмкіндік жасалып жатыр»,-деді ол.

Оның айтуынша, Тәуелсіздік алғалы бері елімізде білім беру саласында көптеген реформалар жүргізілді. Сондағы басты кемшілік — сол реформалардың кейбір кезде аяқсыз қалуы, дұрыстап орындалмауы. Сондықтан да білім беру саласына қосымша қолдау қажет болуда. Экономикалық және рухани тұрғыдан болсын.

«Жалпы, Білім мнистрі Асхат Аймағамбетов мырза бастаған ұжымның жұмыстарына толықтай көңілім толады. Себебі, қазіргі таңда білім беру саласының барлық саласында оң өзгерісті байқауға болады. Елімізде ұстаздарға лайықты қамқорлық жасалған. Оған дәлел 2019 жылы бекітілген» Педагог мәртебесі туралы« заңды айтсақ болады» деп өз ойын қорытындылады Т. Тайтөлеев.


Автор Думан Арғынгелді
Басты сөздер: Білім, Алматы,
Жоғары қарай