Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Білім министрі: Педагогикалық ЖОО-лар мазмұны мектеп бағдарламасынан қалып қойды

2020 жылдың 27 мамыр 2020 13:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқу бітіріп, мектепке жұмысқа келген педагогикалық ЖОО-лардың түлектері пилоттық режимде тестілеуден өтіп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұғалімдерді даярлауда жаңа амалдар қолданысқа енгізілуде. Енді, жоғары, бірақ педагогикалық білімі жоқ адамдар қайта даярлаудан өткеннен кейін педагогикалық қызметті атқара алады», - деді Асхат Аймағамбетов Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында.

Министрдің айтуына қарағанда, педагогикалық білімнің өзі толығымен жаңғыртылуда.

«Біз оқулық бағдарламаларын 100 пайыз өзгертіп жатырмыз. Ашығын айту керек: педагогикалық ЖОО-лар мазмұны жағынан мектептерде оқытылып жатқан бағдарламалардан айтарлықтай қалып қойды. Сол себепті осы оқу жылының соңына дейін білім бағдарламаларын 100 пайызға жаңартып, практиканың жаңа форматын енгізудеміз. Пилоттық режимде педагогикалық ЖОО түлектерінің бәрін тестілеуден өткізіп жатырмыз», - деді ол.


Жоғары қарай