Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бір аптада Қазақстан аумағында 3608 қылмыс жасалды

2020 жылдың 19 қазан 2020 11:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бір апта еліміздің аумағында 3 608 қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір апта ішінде 3 608 қылмыс жасалып, оның ішінде 2 355 қылмыс бір тәуліктің ішінде ашылды. Қылмыстардың басым бөлігін ұрлық құрап отыр. Полиция қызметкерлері із суытпай 10 кісі өлтіру, 3 адам өліміне алып келген қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, 44 тонау және 508 өзгенің мүлкі ұрлау қылмысын ашты», - деді ресми өкіл.


Жоғары қарай