Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бір аптада Қазақстанда қандай қылмыстар жиі тіркелді - ІІМ

2021 жылдың 13 қыркүйек 2021 11:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бір аптада ел аумағында 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елдегі кримиогенді жағдайға тоқталайық, бір апта ішінде 3 354 қылмыс жасалды, оның 2 273-і тәулік ішінде ашылды», - деді Нұрділдә Ораз онлайн бирифингіде.

Ресми өкілдің айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 11 кісі өлтіруді, 10 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 35 тонау және 536 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын анықтаған.

Сонымен бірге, Н. Ораз Ішкі істер министрінің атына азаматтардан полицейлерге алғыс айтқан хаттар жиі түсетінін атап өтті.

«Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Әділбек Нетбаев Анықтау басқармасының бастығы Қазбек Тақжановқа және анықтаушы Татьяна Титаренкоға қылмыстық істі тергеудегі жеделдігі үшін алғыс айтты. «Мен Полиция департаментіне жүгінгенімде олар өтінішіме бірден назар аударды. Оларды сауатты әрі жедел іс-әрекеттері нәтижесінде өндірістік жарақат фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды»,- деп жазады Әділбек Нетбаев. Ол сондай-ақ полицейлердің қызметте табыс тіледі», - дейді Н. Ораз.


Жоғары қарай