Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Бір тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырды

2022 жылдың 14 мамыр 2022 10:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 13 мамырда ПТР тест арқылы Қазақстанда 5 адамда коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі еліміздің қос бас қаласында тіркелді. Атап айтқанда, біреуі Нұр-Сұлтанда, қалған төртеуі Алматыда.

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 636 жетті.

Сондай-ақ, еліміз бойынша 258 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Сонымен, осы дерттен сауыққандар саны - 1 291 748.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Қазақстанда стелс-омикрон штамы анықталды.



Жоғары қарай