Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бір тәулікте 90 мыңға дейін қазақстандық коронавирусты анықтайтын тестен өте алады

2020 жылдың 27 қараша 2020 16:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус бойынша тесттен өткізу қуаттылығы тәулігіне 90 мыңға жетті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні Қазақстанда коронавирус инфекциясын анықтау мақсатында 4 миллионға жуық зерттеу (тест) жүргізілді. Тестен өткізу тәулігіне 90 мыңға дейін жетті. Күн сайын зертханалар 40 мыңға тарта адамды коронавирус инфекциясы бойынша тесттен өткізіп жатыр», - деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министр осылайша зертханалардың резервтік қуаттылығы 50 мың зерттеуге дейін жеткізілетінін мәлім етті. Бұл – халықты толыққанды тесттен өткізу мүмкіндігіне жол ашады.


Жоғары қарай