Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бір тәулікте коронавирус пневмониясының 94 жағдайы тіркелді

2021 жылдың 17 қаңтар 2021 10:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирус пневмониясының жаңа жағдайлары тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«15 қаңтар күні коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 94 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 151 адам емделіп шықты», - делінген coronavirus2020.kz сайтындағы ақпаратта.

1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына барлығы 46 831 адам шалдықты, оның ішінде жазылып шықты – 34 573 адам. Қайтыс болды - 538 науқас.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен бір тәулікте Қазақстанда коронавирустың жаңадан 978 жағдайы анықталды. Сондай-ақ 600-ге жуық адам жазылып шықты.

Эпидахуалды бағалау матрицасының мәліметіне сәйкес, 17 қаңтар күні «қызыл» аймаққа 5 өңір енгізілді.



Басты сөздер: Қоғам, Коронавирус,
Жоғары қарай