Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Бір топ журналист Президенттің алғыс хатымен марапатталды

2020 жылдың 27 маусым 2020 12:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада бір топ журналист ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталды.

Алғыс хаттарды ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен Президент алғыс хатын «Айқын» сайтының редакторы Асқар Бек, «ҚазАқпарат» ХХА мультимедиялық контент бөлімінің басшысы Дулат Нуркин, «Қазақ радиоларының» редактор-жүргізушісі Бағдагүл Рахметқызы, «Хабар» телеарнасының тілшісі Гүлжан Марқабаева, «Казахстанская правда» газетінің шолушысы Елена Левкович, «Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы Төлен Төлеубай, Еуразия бірінші телеарнасының тілшісі Айдана Үсенбай алды.

Айта кетейік, Дәурен Абаев бүгін ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын, гранттарын тапсырған болатын.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: БАҚ, Қоғам,
Жоғары қарай