Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Birgemiz: Úmit» жобасына волонтерлерді қабылдау басталды

2020 жылдың 14 шілде 2020 16:03

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанда «Birgemiz: Umit» жалпыұлттық жобасына волонтерлерді қабылдау басталды. Волонтерлер жоғалған адамдарды іздеу, зілзала қауіп-қатерін азайту, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға көмектеспек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде іске асырылады.

16 жастан асқан кез келген адам мына бағыттар бойынша топқа қосылып, волонтер бола алады:

• адамдарды іздеу,

• шұғыл медициналық көмек көрсету,

• табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою және апат тәуекелдерін азайту жөніндегі жобаларға қатысу.

«Ұжымға мүше болу үшін жоба ұйымдастырушыларына @league_volunteers Instagram парақшасына хат жазып немесе +7 707 597 3421 нөміріне қоңырау шалуға болады» дейді «Волонтерлер лигасы» ұйымының баспасөз қызметі.


Жоғары қарай