Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Birgemiz: Түркістан облысы Қостанайға 18 тонна қырыққабат жеткізді

2020 жылдың 22 мамыр 2020 11:47

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Республикалық «Birgemiz» акциясы аясында Қостанайға Түркістан облысынан 18 тонна қырыққабат жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Nur Otan партиясының облыстық филиалына сілтеме жасап.

Түркістан облысындағы жағдайға байланысты қостанайлық кәсіпкерлер Мақтаарал ауданына көмек ретінде 20 тонна ұн жіберген болатын. Гуманитарлық көмекті жеткізуге жергілікті «Salamat» және «Атамекен-Дос» ЖШС қаржы бөлді. Кәсіпорын қоймаларында партияның волонтерлері мен белсенділері ұн тиеп, діттеген мекенжайға жеткізді.

«Қостанай облысынан барған ұн мақтааралдықтарға таратылды. Бүгін жүк көлігі Қостанай облысына келіп жетті. Оның үстіне бос келген жоқ. Сарыағаш ауданы Төңкеріс ауылының тұрғындары Қостанай облысының аз қамтылған отбасылары үшін 18 тонна қырыққабат беріп жіберді», - делінген Nur Otan партиясының баспасөз хабарламасында.

Түркістаннан келген қырыққабат енді жергілікті елді мекендердегі аз қамтылған отбасыларға үлестіріледі. Қалалар мен аудандардағы филиалдар жағдайы төмен отбасылардың тізімін жасайды.


Жоғары қарай